"Әжелердің өшпейтін өнегелі үлгісі". » Қ.Аманжолов атындағы №22 жалпы білім беретін мектеп
Түркістан облысының білім басқармасының
Мақтаарал ауданының білім бөлімінің
«Қ.Аманжолов атындағы №22 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(708) 818-43-31
Есепші бөлімі:
+7(708) 818-43-31
Нашар көрушілер
нұсқасы
12
ноябрь
2024

"Әжелердің өшпейтін өнегелі үлгісі".

“Біртұтас тәрбие” бағдарламасын іске асыру мақсатында ата-аналарды педагогикалық қолдау «Даналық мектебі» аясындағы секцияның “Ырым-тыйым -әдептілік негізі”,Әже даналығы бойынша "Әжелердің өшпейтін өнегелі үлгісі" тақырыбында  өнегелі сабақ өткізілді.
Мақсаты: Әже даналығы арқылы ырым-тыйым сөздердің мағынасын ашып түсіндіру;
Шараға Әжелер алқасының төрайымы Камбарбекова Гүлжан,Әжелер алқасының мүшесі Тілеуімбетова Ілескул  әже және Жаңа жол ауылдық округінің әжелер алқасының мүшелері арнайы қонақ ретінде шақырылған болатын. Келген қонақтарымыз оқушыларға ырым-тыйым сөздердің мағынасын айтып, тәлім-тәрбиелік өнегелі әңгімелерімен бөлісті. Тағылымдық шарамыз мағыналы, мазмұнды жоғары деңгейде өткізілді.
Осындай “ДАНАЛЫҚ МЕКТЕП” аясындағы жобалар өз жалғасын табады.
Қатысқан әжелерімізге ,мектеп оқушыларына алғысымызды білдіреміз.