№401 сайлау учаскесі » Аманжолов ЖОМ
descargar videos de youtube online descargar imagenes de instagram
Түркістан облысы
Мақтарал ауданы білім бөлімінің
"Аманжолов атындағы жалпы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
05
ноябрь
2023

№401 сайлау учаскесі

МАҚТААРАЛДА АУЫЛ АТА-ӘЖЕЛЕРІ ТОП БОЛЫП ДАУЫС БЕРДІ
 Ауылдың, әулеттің, отбасының ұйытқысы болып, қазақтың салт-дәстүрлерін сарымайдай сақтап, немере-шөберелеріне ана тілін үйретіп жүрген қазақтың әжелері екені анық. 
 Дүниеге келген сәбиді көзін ашқаннан құшағына алып, бесік жырымен әлдилеп, ес білгенде ертегі-жырларымен сусындататын әженің орны кейінгі кезде қазақ қоғамында орны ойсырап, бейнесі көмескіленіп кеткені де рас. Дегенмен, Мақтаарал ауданы Жаңажол ауылдық округіне қарасты Өргебас ауылында кейінгі буынға үлгі болып жүрген ата-ақ жаулықты әжелеріміз бар.
 Бүгінгі Мақтаарал ауданы әкімінің сайлауында түрлі қызықты жағдайлар орын алуда. Өргебас ауылындағы Қасым Аманжолов атындағы√22 жалпы білім беретін мектебінде орналасқан №401 сайлау учаскесіне топ болып жиналып келген тұрғындар, ата- ақ жаулықты ауыл әжелері, ауыл келіндері, жастар жаппай дауыс беріп, өздерінің саяси белсенділіктерін көрсетті. Өргебас ауылының батагөй ақсақалы атамыз  Аманқұлов Жалғас өз батасымен жастарға, ел-жұртымызға амандық, тыныштығын, бірлік ынтымағын тілеп бата берді.
Ардагер ұстазымыз, Әдебаева Рая апайымыз да "Санур тв" телеарнасына сұхбатын беріп,
 Әжелер алқасының округтегі төрайымы Гүлжан Қамбарбекова қазақ әйелдері ерте заманнан қоғам тіршілігіне араласып, мемлекетті де басқарғанын, жауға да шапқанын тілге тиек етті. Сондықтан, қазіргі жас қыздарымызға, келіндерге үлгі болуы үшін бүгінгі сайлауға жаппай қатысып, дауыс бергендерін жеткізді. 
(с) Мақтаарал ауданы әкімінің баспасөз қызметі.








и ещё 16