Олимпиаданың ресми ашылу салтанаты » Аманжолов ЖОМ
descargar videos de youtube online descargar imagenes de instagram
Түркістан облысы
Мақтарал ауданы білім бөлімінің
"Аманжолов атындағы жалпы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Олимпиаданың ресми ашылу салтанаты
20
ноябрь
2023

Олимпиаданың ресми ашылу салтанаты

Елімізде ауылдық жерлердегі мектеп оқушыларының дарындылығы мен қабілеттерін анықтау және қолдау үшін оңтайлы жағдайлар жасау, неғұрлым академиялық қабілетті оқушыларды іріктеу, олардың зияткерлік дамуы мен кәсіби бағдарлануы мақсатында Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрі Бейсембаев Ғани Бектайұлының тікелей тапсырмасы бойынша тұңғыш рет ауыл мектептерінің оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиада бастау алды.
20 қараша күні олимпиаданың ресми ашылу салтанаты еліміздің барлық өңірлерінде өтті. 
Информатика пәні мұғалімі Қ. Сапаров олимпиаданың басталуымен құттықтап, оқушыларға сәттілік тіледі және олимпиаданы өткізу тәртібімен  таныстырып өтті. 
   Олимпиада тәртібі бойынша, академиялық адалдықты қамтамасыз ету үшін тапсырмалар әр қатысушыға жеке электронды түрде  жіберіледі. Әр кезеңнен кейін тапсырмалардың сканерленген нұсқасы, қатысушылардың жұмыстары мен дұрыс жауаптар орталықтың сайтында жарияланады.
    Олимпиада үш кезеңде өткізіледі: 
бірінші кезең (бастапқы) – қараша айы; 
екінші (іріктеу) – желтоқсан айы; 
үшінші (республикалық) – ағымдағы оқу жылының қаңтар айы.
    І кезең онлайн-платформада өтеді. Қорытынды бойынша ең жоғары ұпай жинаған қатысушылардың 35%-ы ІІ кезеңіне қатысады.
    ІІ кезеңнің тапсырмалары дәстүрлі олимпиадалық түрде онлайн-платформада көрсетіліп, шешімдер қағазда шығарылады.
    III кезеңге ІІ кезеңнің жеңімпаздары қатысады. Үшінші кезеңнің барлық қатысушылары республикалық сырттай оқу мектебіне қабылданады.
    Жүлдегерлер саны қатысушылардың жалпысанының 45% құрайды және ҚР Оқу-ағарту министрінің дипломдарымен марапатталады.
   I дәрежелі диплом иегерлері 2024 жылғы ақпан айында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңіне дайындау мақсатында өткізілетін оқу-жаттығу жиындарына шақырылады.