«INTELLECTUM DD2» ДИРЕКТОРЛАР ДЕБАТЫ » Аманжолов ЖОМ
descargar videos de youtube online descargar imagenes de instagram
Түркістан облысы
Мақтарал ауданы білім бөлімінің
"Аманжолов атындағы жалпы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «INTELLECTUM DD2» ДИРЕКТОРЛАР ДЕБАТЫ
13
февраль
2023

«INTELLECTUM DD2» ДИРЕКТОРЛАР ДЕБАТЫ

«INTELLECTUM DD2» ДИРЕКТОРЛАР ДЕБАТЫ
       Көшбасшылыққа жетелейтін ізгі қасиеттердің бірі – шешендік, ділмарлық екенін ешкім жоққа шығара қоймас. Қиыннан қиыстырып, орайын келтіру, ұтымды уәжбен тыңдарманға салмақты ой тастау, бейнелі, бедерлі сөздерді келістіре айту – екінің бірінің бойынан табыла бермейтіні де шындық. Осы айтылған санаттан табылып жүрген өз саласының көшбасшылары, қоғамның түрлі мәселелерде айтары бар, жеке ой-пікірлерімен, азаматтық ұстанымдарымен дараланып жүрген мектеп басшылары «Intellectum DD2» Директорлар дебаты турнирінде бақ сынасты. 
        Алғашқы рет ұйымдастырылған директорлар дебатында нақты тақырып пен арнайы ережелер негізінде мектеп басшылары ой жарыстырып, аудандық пікірсайыс турнирінде дәлелдер мен фактілерге сүйеніп, өздерінің білімділігін, батылдығы мен әдептілігін көрсете білді.
        Аталған іс-шараға аудан бойынша 56 білім беру ұйымдарының басшылары сөз сайысқа түсті. Сонымен жеке тұлғаның танымын кеңейтетін, қоғамдық-әлеуметтік маңызды мәселелерді жете талдай алу қабілетін қалыптастыратын пікірсайыс турнирінің жеңімпаздары:
        І орынға ие болған «Ұлағат» фракциясы – «Береке» және «Болашақ» жалпы орта мектептерінң директорлары Даубаева Меруерт пен Асабаев Нұрлыбай облыстық кезеңіне жолдама алды.
        Жүлделі ІІ орынды «Лидер» фракциясы – М.Өтемісұлы және А.Тұяқбаев атындағы жалпы орта мектептердің директорлары Кенжебаев Бақыт пен Алмағанбетов Нұржан иеленді.
        Жүлделі ІІІ орынды қанжығасына байлаған «Әділет» фракциясы – Абылайхан және Н.Бекежанов атындағы жалпы орта мектептердің директорлары Джулдибеков Абдурахман мен Мамбетова Ардақ. 
        Сонымен қатар, номинация алған фракциялар да болды.
         Атап айтатын болсақ, «Үздік оратор» номинациясымен «Қабілет» фракциясы – С.Рахымов және Қажымұқан атындағы жалпы орта мектептердің директорлары Айтынбетов Сұлтан мен Ниязбеков Талғат.
        «Ең тапқыр ойыншы» номинациясымен «Ынталы» фракциясы -  С.Датұлы және Ж.Нұрлыбаев атындағы №27 жалпы орта мектептердің директорлары Адеханов Жақсылық пен Абдирова Камила.
        «Дебаттық креатив» номинациясымен «Ынтымақ» фракциясы – С.Торайғыров және Алтынсарин атындағы жалпы орта мектептердің директорлары Ақназаров Ақмұрат пен Ақназаров Есенгелді.
        «Ең білімді ойыншы» номинациясымен – «Болашақ» фракциясы – «Асыл мұра» ЖОМ мен Х.Әлімжан атындағы негізгі мектеп директорлары Қасымбекова Қапира мен Омарбекова Сара.
        «Достық» фракциясы Жамбыл және № 41 ЖОМ директоралары Сейдалиев Маратбек пен Бидинов Ержан «Ең мақсатты ойыншы» номинациясы.
         «Бірлік» және И.Панфилов атындағы жалпы орта мектептердің директорлары Сариев Динмухаммед пен Маханбетова Гулайм «Бірлік» фракциясы атынан «Үздік спикер» номинациясы.
        «Жаңа жол» фракциясы Қ.Аманжолов пен «Нұрлы жол» жалпы орта мектептердің директорлары Жұмабекова Гүлбану мен Танирбергенов Ержан «Ең сенімді ойыншы» номинациясы.
        Кез келген тақырыпты еркін игеріп, өзінің ой-пікірін шешендік қабілеті арқылы көпшілікке жеткізе алған жеңімпаз мектеп басшыларын мақтан етіп, облыстық кезеңде үлкен жеңістер тілейміз!