13
февраль
2023
"Баланың бас ұстазы ата-ана"
"Қ. Аманжолов атындағы №22 жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 13.02.2023 жылы 4 "Ә" сынып жетекшісі Жадыра Алмұратова ның ұйымдастыруымен "Баланың бас ұстазы ата-ана" тақырыбында ата-аналар жиналысы болып өтті.
Мақсаты:
Бала тәрбиесіндегі ата - ананың алатын орнының ерекше екендігін түсіндіру;
Отбасы мүшелерінің арасындағы бауырмалдық, қайырымдылық, жақсы қарым - қатынасты қалыптастыру;
Ата - аналарды балаларға жауапкершілікпен қарауға шақыру. Баланың бүгінгі істеген қадамы ертеңгі тұлға ретінде қалыптасуына үлкен әсер ететінін атап өту.Жиналыста ата-аналармен түрлі тренинг ойындар ойнатылды. Жиналысты ата - аналар бір-біріне жүрекше сыйлау арқылы ыстық лебіздерін білдіріп бастады. Бала тәрбиесіндегі маңызды тұстар, ата-анамен баланың арасындағы байланыс туралы слайд көрсетілді. Ата-аналардың нейро жаттығуын жасау арқылы бір-біріне сыйластықтары арта түсті.
и ещё 6





