Оқу жылы аяқтау емтихандар » Аманжолов ЖОМ
descargar videos de youtube online descargar imagenes de instagram
Түркістан облысы
Мақтарал ауданы білім бөлімінің
"Аманжолов атындағы жалпы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Оқу жылы аяқтау емтихандар
04
май
2022

Оқу жылы аяқтау емтихандар

«Қ.Аманжолов атындағы №22 жалпы орта мектебі» коммуналдық  мемлекеттік мекемесі.

Бұйрық №           -н/қ

    04.05.2022ж                                                                                                                                            /Көшірме                                                                                                                                                     /

«2021-2022 оқу жылын аяқтау және 

орта білім беру  ұйымдарында білім 

алушыларды қорытынды 

аттестаттаудан  өткізу туралы» 


             Түркістан обдысының адами әлеуетті дамыту басқармасының 2022 жылдың 26 сәуірдегі №141 хатына сәйкес және Мақтаарал ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімі 2022 жылдың 28 сәуір күнгі №63-н/қ  хаты  негізінде   БҰЙЫРАМЫН:

1.Оқу жылын аяқтаудың  мынандай мерзімдері белгіленсін: 

1.Меншік нысанына және ведомоствалық  бағыныстылығына  қарамастан   орта білім беру ұйымдарында оқу сабақтарыныңаяқталуы - 2022 жылғы 25 мамыр:

2.9 (10) сынып білім алушыларының  қорытынды бітіру емтихандары -2022 жылғы  28 мамыр- 6 маусым аралығы:

3.11 (12) сынып білім алушыларының  мемлекеттік   бітіру  емтихандары  2022 жылғы 27 мамыр -10 маусым аралығы:


2.Қорытынды аттестаттаудың  мынандай   мерзімдері бекітілсін,  кесте  түзілсін (1-қосымша):


9(10) сынып білім алушылары үшін  санитарлық талаптарды сақтай отырып:

1.Қазақ тілі (оқыту тілі),бойынша эссе нысанында жазбаша емтихан, гуманитарлық цикл пәндерін  тереңдетіп  оқытатын  мектептер  үшін-жазбаша  жұмыс (мақала,әңгіме,эссе) - 2022 жылғы 28 мамыр;

2.Математика (алгебра) бойынша  жазбаша  емтихан (бақылау жұмысы ) - 2022 жылғы  31 мамыр;

3.Орыс/өзбек/ұйғыр/тәжік   тілдерінде  оқытатын  сыныптардағы   қазақ  тілі мен әдебиеті  бойынша  жазбаша емтихан  ( мәтінмен жұмыс,мәтін бойынша тапсырмаларды орындау) және қазақ  тілінде оқытатын  сыныптардағы   орыс тілі мен әдебиеті  бойынша жазбаша   емтихан - 2022 жылғы 3 маусым;

4.Таңдау пәні (Физика, Химия, Биология, География, Геометрия, Қазақстан тарихы, Дүниежүзі тарихы, Әдебиет (оқыту тілі бойынша),  шет тілі (ағылшын/француз/неміс),  Информатика (бойынша) жазбаша емтихан  - 2022 жылғы 6 маусым;

11(12) сынып білім алушылары үшін санитарлық талаптарды сақтай отырып:

1.Алгебра және анализ  бастамаларынан   жазбаша емтихан - 2022 жылғы 27 мамыр;

2.Қазақ тілі (оқыту тілі бойынша) жазбаша  емтихан - 2022 жылғы 30 мамыр;

3.Қазақстан тарихынан  ауызша  емтихан - 2022 жылғы 2 маусым;

4.Қазақ тілінде оқытатын   мектептерде/сыныптарды  орыс тілі мен әдебиетінен жазбаша  емтихан  2022 жылғы 7 маусым;

5.Таңдау пәні  (Физика, Химия, Биология, География, геометрия, Қазақстан тарихы, Дүниежүзі тарихы, Әдебиет (оқыту тілі бойынша), Шет тілі (ағылшын/француз/неміс) ,Информатика) бойынша  жазбаша емтихан  - 2022 жылғы 10 маусым; 


3.Қайта қорытынды аттестаттау санитарлық талаптарды сақтай отырып, айқындаған мерзімде өткізіледі.


4. Білім сапасын арттыру және  пандемия, шектеу шаралары кезеңінде жіберілген   білімдегі  олқылықтардың  орнын   толтыру мақсатында 1-8,  10 - сыныптарда білім  алушылар үшін 2022 жылғы  26 мамырдан бастап 17 маусым аралығында жазғы мектепте оқыту ұйымдастырылсын.


5.Осы бұйрықты орындау және орындалуына басшылық жасау директордың оқу  ісі жөніндегі   орынбасары  З.Максутоваға жүктелсін. 


Мектеп директоры:                               Д.Әбдіғали