08
ноябрь
2024
Буллинг қарсымыз.
"Қ.Аманжолов атындағы №22 жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесін
7 А сыныпжетекшісі Мұса Гүлнұр ұйымдастыруымен "Буллинг қарсымыз" тақырыбы аясында түсіндіру жұмысы өтті.
Мақсаты: Қоғамда орын алып отырған жасөспірімдер арасындағы қорлау, мазақтау, намысқа тию секілді жағдайлардың алдын алу.
Оқушылардың буллинг, кибербуллинг туралы жалпы түсінігін қалыптастыру арқылы жауапкершіліктерін арттыру, өзара сыйластық қарым-қатынасын орнату.
Адами құндылықтарға тәрбиелеу, буллинг және кибербуллинг болған жағдайда сақтану жолдарын түсіндіру, командамен жұмыс жасауға баулу.
Шара барысында оқушылар буллингтің бала дамуында қаншалықты зиян екенін жан-жақты талқылап, өз пікірлерін білдірді.