Біз туралы » Страница 22 » Қ.Аманжолов атындағы №22 жалпы білім беретін мектеп
Түркістан облысының білім басқармасының
Мақтаарал ауданының білім бөлімінің
«Қ.Аманжолов атындағы №22 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(708) 818-43-31
Есепші бөлімі:
+7(708) 818-43-31
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Мектеп парламенті,  Мектеп президентін сайлауы" болып өтті.
19
октябрь
2023
"Мектеп парламенті, Мектеп президентін сайлауы" болып өтті.
Қ.Аманжолов атындағы N22 жалпы білім беретін мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 19.10.2023ж тәлімгер Ержігітова Мадинаның ұйымдастыруымен өзін-өзі басқару ұйымының "Мектеп парламенті,  Мектеп президентін сайлауы" болып өтті.     Мақсаты: Балалар мен жастардың табысты әлеуметтану және өзін-өзі тиімді жүзеге асыруы үшін жағдай жасау, сондай - ақ туындайтын мәселелерді  білім алушылардың өз бетінше шешуі үшін мүмкіндіктер жасау. #Мектеп
Өрт қауіпсіздігі
19
октябрь
2023
Өрт қауіпсіздігі
Өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау, улы газбен уланудың алдын алу, сондай-ақ,  ата-аналарға балаларын қараусыз қалдырмау тақырыптары бойынша оқушылармен және ата-аналармен онлайн және жинау арқылы түсіндірме қосымша сабақтар мен оқу жаттығулар өткізілді.
"Менің арманымдағы Қазақстан"
19
октябрь
2023
"Менің арманымдағы Қазақстан"
Қ.Аманжолов атындағы N22 , жалпы орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 19 қазан күні 5-7 сыныптар арасында "Менің арманымдағы Қазақстан" тақырыбында эссе жазудан конкурс болып өтті. Конкурсты өткізген Айнур Арыстанова оқушыларға өз ойларын еркін жазуды түсіндірді. 25 Қазан Республика күніне орай ұйымдастырылып жатқан бұл іс шараға оқушылар белсене қатысуда. Жазылған эссені тексеру барысында жақсы орындалған оқушылар анықталуда. Және оларға арнап марапат қағаздары берілетін болады. 
"Мамандықтар әлемінде"
18
октябрь
2023
"Мамандықтар әлемінде"
"Қ. Аманжолов атындағы №22 жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 17.10.2023 ж күні Кәсіптік бағдар беруші педагог З. Алдашева мен мектеп психологы А. Журинбаеваның ұйымдастыруымен 9-сынып оқушыларына "Мамандықтар әлемінде" тақырыбында тренинг өткізілді. Мақсаты: Оқушыларға мамандықтың түрлері, олардың адам өміріндегі маңызы туралы түсінік бере отырып, өз бейіміне сәйкес мамандық таңдай білуіне ықпал жасау, түрлі жаттығулар арқылы таным процестерін дамыту, өз пікірін
Ұстаздар, оқушылар және ата-аналар назарына!
18
октябрь
2023
Ұстаздар, оқушылар және ата-аналар назарына!
Ұстаздар, оқушылар және ата-аналар назарына!  Өздеріңізге белгілі, жыл сайын ҚР Оқу-ағарту министрлігі мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарында пайдалануға рұқсат берілген оқулықтар тізімін бекітеді.  Республикалық білім мазмұнын сараптау орталығы – аталған оқулықтарды мемлекеттік сараптамадан өткізумен айналысатын бірден-бір ұйым.  Орталықтың ресми сайты – BMSO.EDU.KZ Ал білім беру ұйымдарына пайдалануға ұсынылған барлық оқулықтың PDF нұсқасы тек ҚР Оқу-ағарту министрлігінің ресми
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУШЫЛАР КҮЗГІ КАНИКУЛДА 7 КҮН ДЕМАЛАДЫ
17
октябрь
2023
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУШЫЛАР КҮЗГІ КАНИКУЛДА 7 КҮН ДЕМАЛАДЫ
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУШЫЛАР КҮЗГІ КАНИКУЛДА 7 КҮН ДЕМАЛАДЫ  Қазақстандық мектептерде бірінші тоқсан аяқталуда. Күзгі демалыс 2023 жылдың 30-қазаны мен 5-қарашасын қоса алғанда жеті күнге созылады. Оқу-ағарту министрлігі мектеп оқушыларының күзгі демалыстағы бос уақытын тиімді өткізу және жеке тұлғалық қасиеттерін дамыту мақсатында Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында іс-шаралар жоспарын ұсынуда. Іс-шаралар жоспарына:  - жоғары сынып оқушыларымен және олардың ата-аналарымен бірлесіп ғылыми жоба
🍁 АЛТЫН КҮЗ 2023 🍁
16
октябрь
2023
🍁 АЛТЫН КҮЗ 2023 🍁
 АЛТЫН КҮЗ 2023 16- қазан күні мектебіміздің 1 “Ә” сыныбының оқушыларымен кереметтей “Алтын күз 2023” іс-шарасы болып өтті. 1“Ә” сыныбыны жетекшісі:  Қылышжанова апайдың жұмысына шығармашылық табыстар тілейміз.   Мақсаты: Оқушылардың күз туралы түсініктерін молайту,жыл мезгілдерінің ерекшеліктерін байқату,күз айларын атай білуге үйрету,шығармашылық қабілеттерін дамыту. Сөз қорларын байытып ,ойлау есте сақтау қабілеттерін арттыру. Табиғатты аялауға ,әсемдікті білуге,сезіне білуге тәрбиелеу.
"Химияның негізгі стехиометриялық заңдары "
14
октябрь
2023
"Химияның негізгі стехиометриялық заңдары "
Қ.Аманжолов атындағы  N 22 жалпы орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 14 қазан күні химия пәнінен Ұлбосын Сүндетова 10-сынып оқушыларына "Химияның негізгі стехиометриялық заңдары " тақырыбында  ашық сабақ өтті.  Сабақтың мақсаты: Химия ғылымындағы бірнеше сандық заңдарды қолданылуын ұғыну.  Зат массасының сақталу заңын түсіну. #Балаларжылы #Годдетей #өзін_өзібасқару #школьное_самоуправление #студенттікпарламент #студенческийпарламент #rumcdo_official #ТО_өзін_өзібасқару
" Дидактикалық ойындар - оқушының шығармашылығын және танымдық белсенділігін дамыту құралы"
13
октябрь
2023
" Дидактикалық ойындар - оқушының шығармашылығын және танымдық
Түркістан облысы, Мақтаарал ауданы білім бөліміне қарасты "N22 Қ.Аманжолов атындағы жалпы білім беретін мектепте 13 қазан күні  Әдістемелік Кеңес жоспарына сәйкес бастауыш  сыныптар арасында:  " Дидактикалық ойындар - оқушының шығармашылығын және танымдық белсенділігін дамыту құралы" тақырыбында семинар ұйымдастырылды. Мақсаты:  Бастауыш сынып оқушыларының ойлау қабілеттерін, шығармашылығын, дүниетанымын  арттыруда дидактикалық ойындардың маңыздылығын ұғындыру.      Әлем бала өміріне біртіндеп
“Мың бір мақал , жүз бір жұмбақ” атты сайыс
13
октябрь
2023
“Мың бір мақал , жүз бір жұмбақ” атты сайыс
Түркістан облысы , Мақтаарал ауданының білім бөліміне қарасты Қ.Аманжолов атындағы N 22 атындағы жалпы білім беретін мектеп коммуналдық мемлекеттік мекемесінде Кітапхана апталығы жоспарына сәйкес 11 қазан күні кітапхана меңгерушісі Б.Арынова мен бастауыш сынып мұғалімі Э.Ақназарованың ұйымдастыруымен, 3 сыныпта “Мың бір мақал , жүз бір жұмбақ” атты сайыс өткізілді.  Сайыстың мақсаты: Оқушылардың зейіндерін ашуға , кітап оқуға қызығушылықтарын арттыруға мейірімділікке, құштарлыққа шақырады.