21
февраль
2025
Терроризмнің алдын алу.
«Терроризмге
қарсы
іс-қимыл туралы» ҚР 10-3
бабына сәйкес, террористік тұрғыдан осал объектілердің меншік иелері,
иеленушілері, басшылары немесе өзге де лауазымды адамдары, меншік
нысанына қарамастан,террористік іс- әрекеттің алдын алу, сондай-ақ
объектілердің терроризмге қарсы қорғалуы және олардың қауіпсіздігінің
тиісті деңгейін сақтау мақсатында мынадай іс-шараларды іске асыруға
міндетті: персоналды бөлмелерді тексеру техникасына үйрету, жарылғыш
құрылғылардың салынуы мүмкін орындарын анықтау бойынша алдын-
алу және оқу іс-шараларын жүргізу.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы
«30» наурыздағы № 117 Білім және ғылым министрлігінің террористік
тұрғыдан осал объектілері мен білім және ғылым саласындағы қызметті
жүзеге асыратын террористік тұрғыдан осал объектілерді терроризмге
қарсы қорғауды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы
бұйрығының 3 тарауының 22 бабына сәйкес Объектілердің меншік
иелері, иелері, басшылары олардың терроризмге қарсы қорғалуын
қамтамасыз ету жөніндегі профилактикалық және оқу іс-шараларын
ұйымдастыру жөніндегі іс-шараларды ұйымдастырушы болып табылады.
Оқу іс-шараларының мақсаты білім және ғылым объектілерінің
қызметкерлерін, педагогтерді, білім алушыларды, тәрбиеленушілерді, ата-
аналарды (заңды өкілдерді) терроризмге қарсы қауіпсіздіктің негізгі
қағидаларымен таныстыру, терроризм актісінің жасалу қаупі төнген кезде
және ол жасалғаннан кейін сауатты және ұтымды мінез-құлық дағдыларын
тұжырымдау болып табылады. (Қазақстан Республикасы Білім және
ғылым министрінің 2022 жылғы «30» наурыздағы № 117 бұйрығының
25 бабы.