Әдістемелік жұмыстар » Страница 35 » Қ.Аманжолов атындағы №22 жалпы білім беретін мектеп
Түркістан облысының білім басқармасының
Мақтаарал ауданының білім бөлімінің
«Қ.Аманжолов атындағы №22 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(708) 818-43-31
Есепші бөлімі:
+7(708) 818-43-31
Нашар көрушілер
нұсқасы
" Кел, балалар, оқылық!"
22
октябрь
2022
" Кел, балалар, оқылық!"
Қ.Аманжолов атындағы N22 , жалпы орта мектебінде 22 қазан Кітапханашылар күніне кітапхана меңгерушісі Арынова  Б. және Бастауыш сынып мұғалімі Жадыра Алмұратова  апайдың ұйымдастыруымен кітапханада  Ы.Алтынсарин өмірі мен шығармаларын таныстыру барысында 4 сынып оқушыларымен бірге " Кел, балалар, оқылық!"атты іс шара өткізілді.Мақсаты: Алғашқы ұстаз,ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсариннің өмірі мен шығармаларын таныстыру.Әңгімелері арқылы имандылыққа, адамгершілікке, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
Информатика апталығына жоспар талдау.
22
октябрь
2022
Информатика апталығына жоспар талдау.
Мектептің жылдық өндірістік жоспарына сәйкес 17.10-22.10.2022 жыл аралығында информатика апталығы болып бекітілген. Апталықтың жоспары жасалынып, мектеп директоры тарапынан бекітілді. Жоспар бойынша барлық аталған іс-шаралар өз уақытында орындалды. 18.10.2022 жылы күні «Жаңа ғасыр-жаңа технология» атты апталықтың ашылуы болып өтті. Апталықтың ашылу барысында жоспар бойынша өтетін іс-шараларды оқушыларға түсіндірілді. 19.10.2022 жылы күні информатика пәні мұғалімі Сапаров Қанат «Сурет салу»
''Туған жер" "Отан"
21
октябрь
2022
''Туған жер" "Отан"
https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=pfbid04y9jouQTEk34cJNDa2Ppv3BaePz1RJHxdd8a97rPWfBqtg7h4Rv8mP81gB9Xrcxkl&id=100024206872118  №22 Қ.Аманжолов Жом коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 21.10.2022жылы Мадина Ержігітованың және Н.Жаманшаеваның ұйымдастыруымен 25 Қазан Республика күніне орай жоспарға сәйкес концерттік іс - шара болып өтті. Барлық сыныпты қамтыған іс шараны әнұран айтумен бастады. Концерттік бағдарламаға құлшына қатысқан мектеп оқушылары  ''Туған жер" "Отан" тақырыбында
"Отан отбасынан басталады"
21
октябрь
2022
"Отан отбасынан басталады"
Қ. Аманжолов атындағы №22 жалпы орта мектебінің қазақ тілі пәні оқытушысы Айнур Арыстанова  25 қазан Республика күніне орай 21.10.2022ж тәрбие сағатын өткізді. Мақсаты: Республика күні-еліміздің игілігі, баға жетпес құндылық.Сол себепті бұл күннің мән маңызын жас ұрпапққа  көбірек дәріптеп,ұлттық рухты асқақтататын,айбынымызды асыратын іс шара ұйымдастырып,жоғары деңгейде атап өтуіміз шарт.Себебі дана халқымыз айтқандай,"Отан отбасынан басталады"
"Табиғат әлемі -балалар көзімен"
21
октябрь
2022
"Табиғат әлемі -балалар көзімен"
Мақтаарал ауданы білім бөліміне қарасты Қ.Аманжолов Жом қосымша білім беру педагогы Алия Бектанова ның ұйымдастыруымен "Алтын күз" және "Табиғат әлемі -балалар көзімен" атты балалар көркем өнер байқауы болып өтті.  Мақсаты: Табиғатты қорғау жұмыстарын одан әрі күшейтіп, қоршаған ортаны сол қалпында сақтап қалу, жаңа өмір ағымына сәйкес экологиялық білімнің түпкілікті қалыптасуына жағдай жасау және табиғи заттардан қолөнер бұйымдарын жасау арқылы оқушыларды шығармашылық өнерге және жастарымызды
"Химияның негізгі стехиометриялық заңдары "
20
октябрь
2022
"Химияның негізгі стехиометриялық заңдары "
Қ.Аманжолов атындағы  N 22 жалпы орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 14 қазан күні химия пәнінен Ұлбосын Сүндетова 10-сынып оқушыларына "Химияның негізгі стехиометриялық заңдары " тақырыбында  ашық сабақ өтті.  Сабақтың мақсаты: Химия ғылымындағы бірнеше сандық заңдарды қолданылуын ұғыну.  Зат массасының сақталу заңын түсіну.
"Күзгі балл"
20
октябрь
2022
"Күзгі балл"
Қ. Аманжолов атындағы №22 жалпы орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 15 Қазан күні жоспарға сәйкес "Күзгі балл" мерекелік іс шарасы болып өтті. Іс шараға 3-4 сынып оқушылары қатысты. Мерекелік іс шара жарыс түрінде өтті. Әр жұп 4 турдан тұратын сайыста бақ сынады. Бірінші тур таныстыру болса, екінші тур жұптық би болды. Келесі үшінші тур сән көрсету болып, төртінші турда көрме болып өтті. Әр турдан ең жоғарғы 5 баллдық көрсеткіштен ұпай жинап отырды.  Әр қатысушыларға дәрежелік
Қазақстан Республикасы күніне орай мұғалімдер мен оқушылардың арасында  волейболдан жарыс болып өтті
20
октябрь
2022
Қазақстан Республикасы күніне орай мұғалімдер мен оқушылардың
N 22 Қ.Аманжолов Жом коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 20 қазан күні дене шынықтыру пәні мұғалімі Мара Айнабеков тың ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы күніне орай мұғалімдер мен оқушылардың арасында  волейболдан жарыс болып өтті. Жарысқа қатысқан 10-11 сынып оқушылары арасынан іріктелген топ жақсы ойын көрсетті. Болып өткен жарыста оқушылардан 1 команда, мұғалімдерден 2 команда құралған болатын. Нәтижесінде мұғалімдер мен оқушылардың командасы тең түсті.  #Балаларжылы #Годдетей
"Мен өз елімнің азаматымын"
20
октябрь
2022
"Мен өз елімнің азаматымын"
Мақтаарал ауданының адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты Қ.Аманжолов Жом  қосымша білім беру педагогы Алия Бектанованың ұйымдастыруымен 25 қазан Республика күніне орай  "Мен өз елімнің азаматымын" атты мектепшілік дебат сайысы өтті.  Мақсаты: Оқушылардың Отанға деген патриоттық сезімін қалыптастыру."Отан",ел құндылықтары туралы түсініктерін қалыптастыру. Міндеті: туған ел,өскен ортаның адам өміріндегі маңызын түсіндіру.Елге,Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, елжандылыққа тәрбиелеу
"Менің арманымдағы Қазақстан"
19
октябрь
2022
"Менің арманымдағы Қазақстан"
Қ.Аманжолов атындағы N22 , жалпы орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 19 қазан күні 5-7 сыныптар арасында "Менің арманымдағы Қазақстан" тақырыбында эссе жазудан конкурс болып өтті. Конкурсты өткізген Айнур Арыстанова оқушыларға өз ойларын еркін жазуды түсіндірді. 25 Қазан Республика күніне орай ұйымдастырылып жатқан бұл іс шараға оқушылар белсене қатысуда. Жазылған эссені тексеру барысында жақсы орындалған оқушылар анықталуда. Және оларға арнап марапат қағаздары берілетін болады.