" PISA халықаралық зерттеу аясында оқушылардың ғылыми- жаратылыстану бойынша функционалдық сауаттылығын арттыру" » Қ.Аманжолов атындағы №22 жалпы білім беретін мектеп
Түркістан облысының білім басқармасының
Мақтаарал ауданының білім бөлімінің
«Қ.Аманжолов атындағы №22 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(708) 818-43-31
Есепші бөлімі:
+7(708) 818-43-31
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » " PISA халықаралық зерттеу аясында оқушылардың ғылыми- жаратылыстану бойынша функционалдық сауаттылығын арттыру"
15
февраль
2024

" PISA халықаралық зерттеу аясында оқушылардың ғылыми- жаратылыстану бойынша функционалдық сауаттылығын арттыру"

"Қ. Аманжолов атындағы жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2024 жылдың 15 ақпан күні әдістемелік кеңестің жоспары бойынша " PISA  халықаралық зерттеу аясында оқушылардың ғылыми- жаратылыстану бойынша функционалдық сауаттылығын арттыру" тақырыбында мектепішілік  семинар өткізілді.
"Функционалдық сауаттылық" ұғымы алғаш рет өткен ғасырдың 60 жылдары ЮНЕСКО құжаттарында пайда болды. Кейіннен зерттеушілердің қолдануына енді.
РІSA зерттеулері қазіргі уақытта әлемде мектептік білім берудің тиімділігін салыстырмалы бағалаудың әмбебап құралы ретінде қарастырылған.
PISA - оқушылардың білім мен біліктілігін бағалаудың халықаралық бағдарламасы.Өмірде кездесетін ситуацияларды шешуге қатысты пәндік білім, біліктілігін, дағдысын   жинақтап көрсетуге бейімділігі.
Семинар барысында жаратылыстану пәні мұғалімдері, қазақ тілі пәні мұғалімдері сабақтың  оқу  мақсатына қарай, PISA  тапсырмаларын қолданды.
Математика пәні мұғалімі С.Нуржигитов PISA  бойынша мұғалімдерге түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, баяндама оқыды. 
Пән мұғалімдері PISA тапсырмаларын оқу мақсаттарына сай сабақ жоспарларына кіріктіріп, өз тәжірибелерімен бөлісті. Химия пәнінің мұғалімі У. Сундетова 9-сынып оқушыларымен функционалдық сауаттылыққа бағытталған сабағын өткізді. 
      Семинар соңында, біз  әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беруге қол жеткізуіміз керектігі айтылып, қорытынды жасалды.