"Дұрыс және бұрыс бөлшектер" » Қ.Аманжолов атындағы №22 жалпы білім беретін мектеп
Түркістан облысының білім басқармасының
Мақтаарал ауданының білім бөлімінің
«Қ.Аманжолов атындағы №22 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(708) 818-43-31
Есепші бөлімі:
+7(708) 818-43-31
Нашар көрушілер
нұсқасы
22
февраль
2023

"Дұрыс және бұрыс бөлшектер"

"Қ. Аманжолов атындағы №22 жалпы орта мектебі"  коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 22.02.2023 жылы бастауыш сынып мұғалімі Жадыра Алмуратова математика пәнінен "Дұрыс және бұрыс бөлшектер" тақырыбында ашық сабақ өтті. 
Сабақтың мақсаты:  дұрыс және бұрыс бөлшектерді, аралас сандарды ажыратуды үйрену. 
Сабақ барысында  "Білім шырағы" әдісі қолданылды. Оқушылар өздерінің  есімі жазылған орынға баскетбол доптарын түсіру үшін тапсырмаларды жылдам әрі тиянақты орындады. Жұмыртқа ашу әдісі бойынша жұптық жұмыстар орындалды. 
 Смарт сағат арқылы оқушылар өз-өздерін бағалап отырды. Іс-әрекет көрсетілген сурет арқылы оқушылар сергіту сәтін көңілді жасады.  Сабақ соңында үздік, белсенді қатысқан оқушылар медальмен марапатталды. "Білім почтасы" әдісі арқылы оқушылар кері байланыс жазды.











Все реакции:35Вы, Замира Алдашева, Зауре Максутова и ещё 32