" Дидактикалық ойындар - оқушының шығармашылығын және танымдық белсенділігін дамыту құралы" » Қ.Аманжолов атындағы №22 жалпы білім беретін мектеп
Түркістан облысының білім басқармасының
Мақтаарал ауданының білім бөлімінің
«Қ.Аманжолов атындағы №22 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(708) 818-43-31
Есепші бөлімі:
+7(708) 818-43-31
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » " Дидактикалық ойындар - оқушының шығармашылығын және танымдық белсенділігін дамыту құралы"
13
октябрь
2023

" Дидактикалық ойындар - оқушының шығармашылығын және танымдық белсенділігін дамыту құралы"

Түркістан облысы, Мақтаарал ауданы білім бөліміне қарасты "N22 Қ.Аманжолов атындағы жалпы білім беретін мектепте 13 қазан күні  Әдістемелік Кеңес жоспарына сәйкес бастауыш  сыныптар арасында:  " Дидактикалық ойындар - оқушының шығармашылығын және танымдық белсенділігін дамыту құралы" тақырыбында семинар ұйымдастырылды.
Мақсаты:  Бастауыш сынып оқушыларының ойлау қабілеттерін, шығармашылығын, дүниетанымын  арттыруда дидактикалық ойындардың маңыздылығын ұғындыру.
     Әлем бала өміріне біртіндеп кіреді.
Бала ең алдымен оны үйден, балабақшадан, не қоршаған ортадан ұғынады. Біртіндеп өмірден алған тәжірибесі көбейеді.
      Мектеп жасындағы бала өзінің айналасындағы қоршаған ортамен танысуға өте құштар. Қазақ халқының ұлы ойшылы Абай Құнанбаев: "Ойын ойнап, ән салмай, өсер бала бола ма?" - деп айтқандай, бала өмірінде ойын ерекше орын алады.Сондықтан зейінді үнемі қажетті бағытқа аудару үшін сабақты ойын түрінде жүргізу керек. Өйткені, ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде алған білімді ойынмен тиянақтау білімнің беріктігін негіз қалайды.
      Бүгінгі семинарымыз осы  мақсатта ұйымдастырылды.
Бастауыш сынып ұстаздары А. Сансызбаева, Н.Қылышжанова, Д.Сарбасова  өткен ашық сабақтарында  дидактикалық ойындарды кеңінен қолданып, баланың қоршаған ортаны  кеңінен тануға, өз күш-жігерін жұмсап, сезімін білдіруге, бір- бірімен араласуға, ойнай отырып ойлана білуге үйретті.
     Ал аудандық  шығармашыл мұғалімдер  байқауында   жүлделі орынға ие болған  әріптесіміз Ж. Алмұратова "Сабақта дидактикалық ойындарды қолдану арқылы баланың ой-өрісін дамыту" тақырыбында   өз шығармашылығымен бөлісті.
      Ал әріптесіміз Л.Шыназбаеваның  оқушысы Түрекеш Аяулым " Асқабақтың сырлы әлемі" тақырыбында ғылыми жобасын көрсетті.
Бұл оқушымыз  аудандық ғылыми жобада  жүлделі орынға ие болған.
     Мектебімізде 09-13 қазан аралығында кітапхана  апталығы өтуде. Әріптесіміз Э.Акназарова " Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ" тақырыбында мақал-мәтелдер,  кітап туралы нақыл сөздер сайысын көрсетті. Оқушылар ән де айтты. Би де биледі.
Семинарымызды ашық есік күнімен  ұштастырдық.
Ашық есік күніне, семинарға ата аналарымызды да  арнайы шақырдық. Ата аналар өте жақсы қатысты.
Қорытынды кезеңінде ата-аналар, ұстаздар өз пікірлерін айтты. Соңынан әкімшілік тарапынан семинарға өз үлесін қосқан ұстаздарға "Алғыс хат" табысталды.
Ұстаздарымызға алдағы уақытта тек қана шығармашылық табыстар тілеп қаламыз.
Келесі тоқсанда  семинарымыз, ашық есік күніміз өз жалғасын табады деген ойдамыз.