Құттықтау » Қ.Аманжолов атындағы №22 жалпы білім беретін мектеп
Түркістан облысының білім басқармасының
Мақтаарал ауданының білім бөлімінің
«Қ.Аманжолов атындағы №22 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(708) 818-43-31
Есепші бөлімі:
+7(708) 818-43-31
Нашар көрушілер
нұсқасы
07
май
2023

Құттықтау

Құрметті Ер азаматтар, Сіздерді 7 мамыр - Отан қорғаушылар күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Аға ұрпақ пен жас буынның Отанымызды қорғап, қызметте айтулы үлес қосқанын біз әрқашанда мақтан тұтамыз. Халқымызда «Ер — елінің қорғаны» деген аталы сөз бар. Біз осындай жандардың ержүрек істеріне сай сый-құрмет көрсете отырып, олардан өнеге алып өсетін жас ұрпақ Отанына адал қызмет етеді деп сенеміз. 
Барша азаматтарымызды бүгінгі мерекемен құттықтай отырып, Еліміздің өркендеуі жолында атқарып жатқан игі қызметтеріңізге табыс, отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық, мол бақыт және бейбіт ғұмыр тілеймін.
Ізгі ниетпен: 
Қ.Аманжолов жом директоры Гулбану Жумабекова